Моңғолияда сел жүзден астам үйді ағызып әкетті

Сәрсенбі, 13 Шілде , 2016 19:06

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында соңғы күндері толассыз жауған нөсер соңы селге ұласты.

085587c11235484dd964e81aeded913f_L

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Жауын-шашыннан жергілікті Қобда өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, 100-ден астам үйді қора-қопсымен қоса ағызып әкеткен. Куәгерлер табиғи апаттан төрт жасар бүлдіршін мен ересек адамның көз жұмғанын айтуда. Тағы 700-ден аса адам баспанасыз қалған. Олар әзірше киіз үйлерді паналап отыр. Ал қираған үйлер қайта жөндеуге келмейді. Сел салдарынан үй жануарлары да қырылып қалған. Алайда одан келген шығын көлемі әлі анықталған жоқ.

Айта кету керек, Баян-Өлгей аймағындағы тұрғындардың дені этникалық қазақтар. Сондықтан еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Twitter-дегі жеке парақшасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Баян-Өлгейдегі селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетілетіні туралы жариялады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар