Моңғол балуанының бапкерлері олимпиада ойындарындағы қазыларға ашуланып шешініп тастады (фото, видео)
Кеше 65 келі салмақ дәрежесінде моңғол балуаны Мандахнаран Ганзориг пен өзбекстандық Ихтиер Наврузов олимпиада ойындарында қола жүлде үшін белдескен болатын.
Фото: life.ru
Белдесу соңында Ганзориг 7:6 есебімен басым тұрған. Соңғы секундтарда моңғол спортшысы қолын жоғары көтеріп, белдесуден қашып уақыт өткізе бастады. Гонг дауысы естіліп, моңғол балуаны мен оның бапкерлері жеңісті тойлай бастаған. Алайда таблода 7:7 есебі көрсетіліп, артынша өзбек балуаны белдесу жеңімпазы болып танылды.
Фото: rus.delfi.lv
Осыдан соң екі тарап арасында дау өршіді. Нәтижесінде моңғол бапкерлері тура кілем үстінде шешініп, сол жерден кетпейтіндіктерін мәлімдеген.
Мұндай “жалаңаш” қарсылыққа қарамастан, төрешілер өз шешімдерін өзгертпеді.
Осылайша олимпиада ойындарының қола жүлдесі өзбек балуанына бұйырды. Моңғолия құрамасы Рио олимпиадасынан бір күміс пен бір қола еншіледі.
Талқылау