Мөлшерлемесі 2 пайыз: "Бақытты отбасы" бағдарламасы Қазақстан бойынша іске қосылмақ

Жылдық мөлшерлемесі 2 пайыздық «Бақытты отбасы» бағдарламасы Қазақстан бойынша іске қосылмақ. Оның басталуы үшін, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Қаржы министрлігінен қаражат аударылғанын күтуде. Бұл туралы банк басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Мөлшерлемесі 2 пайыз: «Бақытты отбасы» бағдарламасы Қазақстан бойынша іске қосылмақ

«Бақытты отбасы» бағдарламасы маусым айының соңында немесе шілде айының басында басталмақ. Пилоттық жоба ретінде Алматыда қолданып көрдік. Әкімдік бізге 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлген еді. бүгінде 98 көпбалалы отбасы қоныс тойын атап өтті. Олар жаңа пәтер сатып алды, сонымен қатар әкімдік 1 млн теңгелік тұрғын үй сертификатымен көмектесті», - дейді банк басқармасының төрайымы. 

Оның айтуынша, Алматыда 223 өтініш бекітілген. Қазіргі уақытта олар бойынша сатып алу-сату және кепіл келісімшарттары жасалып жатқан көрінеді.

«Республикадағы 2 пайыз мөлшерлемелік үлкен бағдарлама 1-2 аптаның көлемінде, Қаржы министрлігінен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» қаржы аударылған бойда басталады.  Бизнес-процестер тұрғысынан толықтай дайын екенімізді айтқым келеді», - дейді Ләззат Ибрагимова.

Ипотека шарттары:

  • жылдық 2 пайыз мөлшерлемемен қарыз;
  • алғашқы жарна – 10 пайыз;
  • ипотеканың максималды сомасы – 15 млн теңге. 

Баспананы тек жаңа үйлерден алуға болады. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр