Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Молдова кәсіпкерінің ісі: Әділет министрлігі Вашингтон сотының шешімі туралы пікір білдірді

Қазақстан 23 наурыздағы Вашингтон аудандық сотының шешімімен келіспеді. Сот Қазақстаннан миллиондаған өтемақы талап еткен молдова кәсіпкері Анатол Статидің өтінішін орндауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“ҚР сот шешімін құрметтейді, бірақ Республиканы қорғаудың барлық дәлелдерін жоққа шығару туралы бөлігіне және Төрелік шешімімен келіспейді”, – делінген хабарламады.

ҚР арызында төрелік шешім ірі алаяқтық схемасы арқылы қабылданғаны жазылған.

Ұлыбританияның Жоғары соты баламалы сот процесінде дәлелдер ұсынылғаннан кейін Статидің алаяқтығы мойындады.

Қазақстан алаяқтық деректері бойынша арызданушыға қарсы бөлек сот процесін бастады. Ол қазіргі уақытта жалғасып жатыр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қарастырылған шешімнің Вашингтон аумағында ғана күші бар.

Еске сала кетейік, Молдова кәсіпкері Анатолий Стэти мен оның компанияларының Қазақстан үкіметі үстінен шағым түсірді. Сондықтан Америкалық BNY Mellon банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 22 млрд долларын бұғаттап тастады.

Тағы оқыңыз:

Сағынтаев: Кемероводағы қайғылы жағдайдан сабақ алуымыз керек

Павлодарда көлік жүргізу құқығынан айырылған шенеунік тағы да рөлге мас күйінде отырған

Алматыда көлік жүргізушісі желі арқылы түскен шағымнан кейін айыппұл төлейтін болды

Алматы облысында бір отбасының үш мүшесі өлі күйінде табылды

 

Талқылау