Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Жаңбырбай каратэден Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады

Каратэден Қазақстан командасының мүшесі Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап. 

каратэ

Мөлдір В тобында сынға түсіп, екі кездесуде жеңілді, бір кездесуде тең түсті. Ал бір жекпе-жекті жеңіспен аяқтады. 

Атап айтар болсақ, ол египеттік Радва Сайедті ұтып, украиналық Анжелика Терлюгамен 4:4 есебімен тең түсті. 

Ал австриялық Беттина Планк пен жапониялық Михо Мияхараны ұту мүмкін болмады. 

Ол өз тобында 3 ұпаймен төртінші орында қалды. Ал келесі кезеңге тек екі спортшы жолдама алады.

Талқылау