Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекованың жүктілік кезіндегі суреті жұртты сүйсіндірді (фото)

Мөлдір Әуелбекованың тойлардың бірінде жүріп түскен суреттері жұртты сүйсіндірді. Бұрын-соңды әнші жұрттан жүктілігін жасыруға тырысатын.

025

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда “KeshYou” тобының экс солисі Мөлдір Әуелбекованың алғашқы перзентін күтіп жүргені белгілі болды. Десе де, бойжеткен әрдайым кең көйлектер киіп, суретке сирек түсіп ішінің білініп қалғанын көрсетпеуге тырысатын. Бұл жолы арнайы жүкті әйелдерге арналған көйлекпен суретке түсіп, жұртпен қуанышын бөлісті. Ал әншінің той аралап, ән айтып жүрген суретін әпкесі Меруерт Әуелбекова көрсетті.

13743611_212369092493071_578072158_n

“Үлкен қызым Меруерт ерте үйленді. Құдайға шүкір, төрт баласы бар. Ұлымыздан екі немере сүйдік. Енді, құдай қаласа, тағы да күтіп отырмыз”, – дейді әншінің анасы Кәмшат Әуелбекова отандық бағдарламалардың бірінде. Анасының бұл сөздерін естіген әнші “Анашым, айтып қойдыңыз ғой” деп еріксіз күліп жіберген-ді.

00000

Ал суретті көрген желі қолданушылары ақ тілектерін жаудырды. Арасында биік өкшелі аяқ киім кигені үшін сынағандар да болды. “Аман-есен жеңілдеуіңді шын жүректен тілеймін!”, “Мөлдір, сіз өте әдемісіз. Келіншегім сізге қарап киінемін деп мені әбден қинады”, “Мөлдіржан, аман бол, денсаулығың мықты болсын”, “Бөпеңіз аман-есен дүниеге келсін. Алла тіл-көзден сақтасын. Биік өкше кимеңіз. Бөпеңіз бен бүйрегіңізге зиян келеді” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова: “Мен үшін Баян ханымнан артық продюсер жоқ”

Мөлдір Әуелбекова тойында киітін ақ көйлегін таңдады

Есентаева КешYOU концертіне Мөлдір мен Жанардың не себепті қатыспағанын түсіндірді

Мөлдір Әуелбекованың тойы қалай өтті

Талқылау