Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекованың күйеуінің қай салада жұмыс істейтіні белгілі болды

Мөлдір Әуелбекованың жолдасы Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді екен.

moldir_5

Сурет: Мөлдір Әуелбекованың жеке парақшасынан

Бұл туралы Hit.tv арнасы хабарлайды.

Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіге жолдасымен түскен суреттерін жиі жүктесе де, ол туралы ақпарат бөліскенді ұнатпайды. Әсіресе, оның қай жерде қызмет етіп жүргенін жасырып келеді. Жуырда отандық басылымдардың бірі әншінің күйеуінің Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығымен айналысатынын анықтаған екен.

Әншінің өзі әлі күнге дейін бұл сұраққа жауап бергісі келмейтінін айтады. Десе де, күйеуі мен ұлының өзіне көрсетіп жүрген қамқорлығы туралы айтудан бас тартпады.

“Жеті айлық баламды өзіммен бірге алып жүремін. Ешқандай күтушінің көмегіне жүгінбеймін. Әрине, бала тәрбиесі оңай деп те айта алмаймын. Оның да өзінің белгілі бір қиындықтары болады. Бірақ, балам өте шыдамды, ешкімді жатырқамайды. Маған керісінше қолдау көрсетіп, көп жыламайды”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова: Бейнебаяндарымды тек Қазақстанда түсіретін боламын

Құдайберген Бекіш: Тоқал алатын уақытым болмады

Құдайберген Бекіш ұлымен қосылып фильм түсірмек

Ерлан Орынбасаров әйеліне серіктес болғанын сынағандарға жауап берді

Талқылау