Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова жеке өмірін ойлап, сахна төрінде жылап қалды

Мөлдір Әуелбекова сахнада жүргеніне 15 жыл толуына орай елорда төрінде концерт берген болатын. Әнші алғашқы кешінде репертуарындағы барлық әндерді орындауға тырысты. Солардың ішінде жеке өміріндегі келеңсіздіктерді еске салған әнді шырқаған кезде жылап жіберді.

мөлдір әуелбекова

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Той думан” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Арман алдамайды” деген ән жеке өміріме қатысты шыққан ән, оған бейнебаян түсірілді. Соның барлығы естелік қой, адамның ойында, көкейінде жүреді. Жеке өміріме қатысты ән болғандықтан, соның бәрі еске түсті, ұлым еске түсті. Көңілім босап кетті. Қолдан келгенше соңына дейін шырқап шығуға тырыстым. Бірақ дегенмен кішкене…”, – дейді Мөлдір.

Әуелбекова көзіне жас алып қалғаннан кейін, әншінің әкесі сахнаға шығып, қызына қолдау көрсетті. Гүл шоғын ұсынды.

Ал астаналықтарды қуантқан Мөлдір енді Алматы қаласында кеш өткізуді жоспарлап отыр.
“Салт-дәстүрімізге қайшы образдарға қарсымын. Бірақ үлкен шоу жасау ойымда бар”, – дейді Мөлдір.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау