Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова жас қыздардан құралған топ шығармақ

Мөлдір Әуелбекова жас қыздардан құралған топ шығарып, продюсерлікпен айналыспақ.

21690120_1500292466733562_1622751726622736384_n

Сурет: Мөлдір Әуелбекованың жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Декреттік демалыстан кейін оралған Мөлдір Әуелбекова шығармашылығын бірден қолға алған болатын. Енді міне әнші өзі ғана ән айтып қоймай, осы мүмкіндікті өзгелерге де сыйламақ. Ол жас қыздардан құралған топ шығармақ.

“Құрметті талантты арулар! Мен Мөлдір Әуелбекова қыздардан құралатын топқа ең ауқымды іріктеу жариялаудамын! Егер сен 19-25 жас аралығындағы ерекше дарынды, сымбатты, бойшаң әрі, өзіңе сенімді болсаң, бағыңды сынап көр! Кастинг 25 қыркүйек сағ.12:00 де Алматы қаласы, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді! Мен сені күтемін! +7 707 222 0065 +7 707 301 8285
+7 701 940 3232”, – деп жазады Мөлдір Әуелбекова.

Әншіге қыздар алыс қаладан келуге дайын екендерін жеткізді. “Одан жасырақ болса болмай ма?”, “Қайтейін, әзірге он үштемін”, “Осы кастингті Шымкент қаласында өткізіңізші”, “Баян Есентаева сияқты жас қыздардың өмірін құртпасаңыз болғаны. Өзіңіз білесіз не жайында айтып отырғанымды. Барлығы шектен шығып жатпаса, қатысуға болады” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

KeshYou тобының құрамы тағы да өзгерді

Анджелина Джоли талғамсыз таңдалған көйлегімен жұртты шошытты (фото)

Гүлзира Айдарбекова үйінде келін шайдың қалай өтіп жатқанын көрсетіп мақтанды (видео)

Ақбота Керімбекованың күйеуінің бірінші әйелімен не себепті ажырасқаны белгілі болды

Талқылау