Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова тұрмыс құрғаннан кейінгі жаңалықтарымен бөлісті

Мөлдір Әуелбекова отбасылы болғаннан кейінгі жоспарларымен бөлісті. Әнші ел аузына іліккен тойында болған қызықтар мен ұмтылмас естеліктерін де жасырған жоқ.  Әрине әркім өзінше шаңырақ көтергенін ерекше атап өткенді қалайды. Әуелбекова  өз тойында туыстары мен жарына, халқына арнап ән жаздырып орындаған.

молдир 22

Келін Мөлдірден STAN.KZ тілшісі сұхбат алған еді.

Мөлдір қалыңдық көйлегін таңдар кезде отандық өнімдердің арасынан іздеген. Әнші тіпті ақ көйлегінің бағасын да жасырмады. Мөлдірдің өміріндегі ұмтылмас күнге арнап алған ақ көйлегі 650 мың теңге тұрады екен.

 

молдир5

Әншінің тойында  өнердегі жолдастары, достары, туыстары барлығы 350 қонақ болған. Той  отандық дизайнер Жадоның  жаңа топтамасын тойшыл қауымга ұсынумен басталған. Топтамаға  тойдың негізгі кейіпкері Мөлдірдің есімі берілген. Дизайнер әншіге көзі түскен көйлекті тегін алуға рұқсат еткен.

 

молдир6

Мөлдір  жанына жақын 350 адамның алдында ән салған.  Ол Мөлдір әдетте орындап жүрген әндердің бірі емес, тойға арнайы жазылған  арнау.  Әнің бір шұмағын туыстарына, анасына арнасы келесі шұмақты жан жарына, соңғысын барша халыққа арнап жаздырған.  Арнаудың сөзін ақын Құрманай Бақтиярқызы тойға тарту ретінде тегін жазып берген.

 

молдир9

Тойды Нұрлан Албан мен Гүлжан Алиш тізгіндеген. Әнші енді күйеуімен бірге Астана қаласында тұрмақшы. Әншілігін әрі қарай жалғастырады. тыңдармандарын жаңа әндерімен қуантуға асық.

молдир11

Әншінің күйеуі Арыстан Тараз қаласының тумасы. Той  сол үшін де туған-туыстың арасында болған. Мөлдір барған жерінде үш қайын апасы,  бір қайын сіңлі. Астанада күйеуінің анасымен бірге тұрады. “Қазақстан” арнасының таңғы бағдарламасын жүргізіп жүрген әнші қазақы салт-дәстүрдің барлығын ұстанады екен.  Енесіне күнделікті сәлем салып, қайын іні, сіңлілерге ат қойыпты.

молдир1

 

молдир4

молдир6

 

молдир10

 

молдир8

 

 

Талқылау