Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова тобына ат таппай жүр

Мөлдір Әуелбекова продюсер атанды. Қыздардан құралған әншілер тобын құрып үлгерген Мөлдір енді жаңа командаға ат таппай жүр. Басқасының бәрі дайын. Тек сахнаға шығайын десе, Әуелбекованың қыздары өздерін қалай атайтынын білмейді.

Бұл туралы Мөлдір Zhuldyz.Tv арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Instagram желісіне салған болатынмын. Мыңдаған ұсыныс келіп түсті, әртүрлі атаулар. Көмектесіп жатқан халқыма рахмет айтамын. Дегенмен бір атауға әлі тоқталған жоқпын. Бірақ міндетті түрде бір күні таңдаймыз ғой”, – деп түсіндірді әнші.

Мөлдір жақын күндері жаңа тобын елге таныстыру үшін клип түсіріп, гастрөлдік сапарға бірге шықпақ. Айтуынша, клипке ән де, режиссер де, локация да дайын. Тек топқа ат керек. Әуелбекова жаңа жобасын қараша айының соңында халыққа таныстырмақ ниетте.

Мөлдірдің құрған тобы хореографиядан сабақ алуда. Әнші әзірге қыздардың жүзін жасырып қоюды құп көрген

Жіберіп алмаңыз:

Төреғали жары Толқынды әріптестерінен де жасырып келген

Кенжебек Жанәбілов: “Музарт” деген кезде көлеңкеде қалғандай сезінемін

Қайрат Нұртастың жарымен сүйісіп тұрған суреті желіні шулатты

Алтынай Жорабаеваның екінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

 

Талқылау