Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова сыңсу айтып, қыз ұзата бастады

Мөлдір Әуелбекова енді өзге әріптестері секілді тойда қыз ұзатып, сыңсу айтып жүр.

image-35

Сурет: Мөлдір Әуелбекованың жеке парақшасынан

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Жуырда желіде Мөлдір Әуелбекованың қызды ұзатқан видеосы пайда болған-ды. Әншінің өзі видеодағы әнді екі жыл өңдеп алып шыққанын айтады. Десе де, өзге әріптестері секілді қыз ұзатып ақша табуды мақсат тұтпайды екен.

“Ойда жоқ жерден сыңсу айтып, қыздарды ұзатып жүрмін. “Қазақта бұйырған кетпейді” деген жақсы сөз бар ғой. Осыдан екі жыл бұрын мен тұрмысқа шығатын кезде “Азия” тобындағы Ербол “Ұзатылып жатсаң, Рамазан ағаның әнін айтқанын жөн болар?” деп ұсыныс білдірген болатын. Сол сәтте Рамазан ағамен хабарласып, ол кісінің рұқсатын алдым. Бірақ, тұрмысқа шыққан соң жүкті болып, одан кейін босанып біраз жүріп қалдым. Ән жарты жолда қалып қойды.

Жуырда бір тойға “Қызды өзіңіз кіргізіп, өзіңіз шығарып салсаңыз” деген ұсыныс алдым. Әлгі Рамазан ағаның әні есіме түсіп, ол кісіге қайта хабарластым. “Қайда жоқ болып кеттің?” деп ағамыз бір ұрысып алды. Сыңсу әні осылай шықты. Көп әпкелеріміздің қыздарды сыңсу айтып шығарып салып жүргендерін білемін. Бұл сәнге айналды десек те болады. Мен үшін бұл жерде ақша табу мақсат емес. Алдағы уақытта ұсыныс түсіп жатса, қуана қабылдаймын”, – дейді Мөлдір Әуелбекова.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайберген Қытайда ең танымал шетел әншісі атанды

Айқынның Жұлдыз Өмірғалиге үйленіп, отбасын тастап кеткені рас па (фото)

Асхаттың қызы: Әкемнің үйленуіне жылап-жылап алып, келісім беруге мәжбүр болдым (фото,видео)

Талғат Жорабаев: Сәбит әпкемді жиі жылатып, қорлап жіберді

Талқылау