Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова соңғы бейнебаяны үшін қатты ұялып жүргенін айтты

Әнші өзінің басты кемшілігі туралы айтып берді. Сөзіне сенсек, өзінің жұмыстарына мүлдем көңілі толмайды екен. Әсіресе, соңғы “Туған ел” атты әнге түсірілген бейнебаяны үшін қатты ұялып жүргенін айтып қалды.

16585700_1646423895384417_7980966340334714880_n

Сурет: Мөлдір Әуелбекованың жеке парақшасынан

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Мөлдір Әуелбекова “Туған ел” атты бейнебаяны үшін әлі күнге дейін ұялып жүргенін айтады. Себебі, бұл бейнебаян әншінің өзіне мүлдем ұнамаған.

“Уақыт өте тығыз болып, киетін киімдерімді түсірілім алаңында бірақ көрдім. Оның үстіне ол кезде сәбиіме жаңадан екі ай толған еді. Ойымның барлығы баламда болды да, киімім мен шашыма назар аудармадым. Түсірілім жұмыстарын тездетіп, үлгерудің амалын жасадық. Меніңше, бейнебаянға қазақылық жетіспеді. Ол туған елге арналған бейнебаян болса да, оны табиғат аясында түсіре алмадық. Күн өте суық болып, павильонның ішінде түсірдік. Өзіме суық тигізіп, сәбиімді ауыртып алудан қорықтым. Айта берсем, себебі өте көп. Көңілімнен толық шықпады. Шынымды айтсам, бірде бір бейнебаяным көңілімнен шыққан емес. Өзіме қатты сынмен қарайтын сияқтымын. Жазған әнім, түсірген бейнебаяным мен фотосессияларымды әрдайым сынап отырамын”, – дейді Мөлдір Әуелбекова.


Жіберіп алмаңыз:

Әйгерім Қалаубаева қызының бейнебаяндағы рөлді сәтті орындағанын айтып мақтанды

Досы: Димаштың өз ісіне көңілі толған кез болмаған

Ерке Есмаханға астаналық жігіті отбасын құруға ұсыныс білдірген

Талғат Жорабев ер адамдардың келіншектері босанғанда серіктес болуына қарсы шықты

Талқылау