Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова шәкіртінің “Томирис” фильміне түсуіне қарсы болған

«Томиристі» таңдауда ұзақ уақыт іріктеу жүргізген Ақан Сатаев, алғашқыда Альмира Тұрсынды таныстырды, кейін сақ патшайымның 15 жастағы кезін сомдайтын Салтанат Серкебаеваны көпшілікке көрсетті. Алайда, «Назар» тобымен келісімшартқа отырған жас актрисаның, киноға түсуіне Мөлдір Әуелбекова рұқсатын бермесе керек…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Ақан Сатаев «Томирис» картинасында, жаужүрек сақ патшайымның өмір жолын сомдауға жалпы сегіз актрисаны таңдамақ. Басты рөлге Альмира Тұрсын бекітілсе, Салтанат Серкебаева Тұмар ханымның бойжеткен кезін ойнайды.

“Кастинг 2017-ші жылдың 15-16 мамырында өткен болатын. Сол уақытта мен кастингтен өттім. Сол кезде маған тапсырма берген. Қасыңды жұлма, шашыңды қима, бояма, тиіспе деп”, – дейді Салтанат Серкебаева.

Салтанат іріктеуден сүрінбей өткенін іштей сезсе де, күні кешеге дейін ет-жақындарына жұмған аузын ашпаған. Өйткені, түсірілім тобының талабы сондай. Ал, ресми түрде рөлге бекітілгенін режиссер жақында ғана хабарлады. Бірақ, Мөлдір Әуелбекованың қол астында ән салатын аруға, продюсері бірден рұқсат бермепті. Себебі, қос тарап 7 жылдық келісімшартқа қол қойған.

“Басында негізі ол кісі ойланып, ал біз сені жібермесек қалай болар екен деп бір ойланып қалды. Бірақ, одан кейін Алла сәтін салып, жіберіп, батасын беріп, жақсы өнеріңді көрсет деп, өз батасын берді. Өзі бала кезімнен армандап келе жатқан осы рөлім еді. Осындай типті. Өте қуанышты болдым”, – дейді Әуелбекованың шәкірті.

“Салтанаттың фильмге өткенін естіген кезде барлығымыз бір көлікте отырған болатынбыз. Өте қатты қуандық. Шыңғырып, құттықтап, Салтанатты құшатқап сүйген болатынбыз”, – дейді Салтанаттың топтастары.

Салтанат Қарағандының қызы. Бүгінде Елордадағы Еуразия Ұлттық университетінде «биотехнология» мамандығы бойынша білім алуда. Кәсіби актриса болмаса да, сұлудың түсірілім алаңынан тәжірибесі бар болып шықты.

“Ресей мемлекетінің «Ералаш» деген әзіл бағдарламасы секілді, осы қазақтың әзіл бағдарламасына түскен болатынмын. Сол кезде бірінші рет актриса ретінде өзімді сынап көрдім”, – дейді Салтанат.

Ал, «Томиристің» бойжеткен кезін бейнелейтін түсірілім жұмыстары, 27-ші наурызда басталмақ!

Жіберіп алмаңыз: 

Кентал ішпей-жемей 40 мың доллар ақшасынан айырылып қалды

Тұрсын Алагөзовтің ұлы әкесін сотқа берді

Кешірмесеңіз, қайта шығарып жіберемін: Төреғали павлодарлық қариядан кешірім сұрады (видео)

Ақтаулық бойжеткен «Қазақ аруы» атанды (фото)

 

Талқылау