Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова: Әйелдер арасында достықтың болатынына сенемін

Мөлдір Әуелбекова әйелдер арасында достықтың болатынына нық сенімді. Себебі, үшінші сыныпта достасқан құрбыларымен әлі күнге дейін сырласады екен. Ал шоу бизнестегі әріптестерін тек таныстар қатарына жатқызатынын айтты.

18161714_1002142693256033_1789107694171324416_n

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Шоу-бизнестегі қыздарды әріптестерім деп білемін. 3-сыныптан бері танитын өзімнің достарым бар. Әлі күнге дейін біз отбасы болып араласамыз. Біздің ортақ тақырыптарымыз да көп. Әйел арасында достықтың болатынына мен сенемін. Бірақ жақын құрбыларым санаулы. Сыйласып жүргенімізге 20 жылдан асты. Менің құрбыларым – мектеп кезіндегі сыныптастарым. Кейінгі кісілер әріптестерім, өнердегі достарым», – дейді Мөлдір Әуелбекова.

Марал Сарбасқызы өз кезегінде әншінің сөзін қостады. Достық пен таныстықты шатастырмауға кеңес берді.

«Көбінесе адамдар достар мен таныстарды шатастырып жатады. Бізде әріптес пен таныс өте көп. Бір мақсат, бір көзқарас, бір мүдде адамды біріктіреді. Дос деген – ерекше жан. Оның саны да санаулы. Ол сенің жан-сырыңды біледі. Қандай адам екеніңді, ерекшеліктерің мен мінез-құлқыңды толық таниды. Достың арасында өзіңді басқаша ұстай алмайсың. Сен қандай болсаң, сол қалпыңда қабылдайды. Ал таныс – өмірлік жағдайға, белгілі бір қажеттілікке бола байланысты пайда болған адам. Кейде осы достық бәсекелестікке әкеліп соғуы мүмкін. Осы бәсекелестің арты кейде қақтығысқа апарып соқтырады. Сол кезде «Әттеген-ай, осы досыма сырымды айтып едім, ол мені түсіне алмады» деген ой пайда болады», – дейді психолог Марал Сарбасқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік әйел күйеуінің басын “айналдырып” алған құрбысы туралы айтты

Алматылық ару: Пәк болмағаным үшін қорлық көріп келемін

Сәбиінің үлкен дәретінен қан шығатын әйел мамандардан көмек сұрады

Жыныстық жолмен індет жұқтырған жігіт мүшеқапқа сенбеуге шақырды

Талқылау