Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова: Алла ұлық! Димаш өз өнерін дәлелдеді

Қазақстандық әншілер Димаш Құдайбергеновке қатысты пікірлерін білдірді.

16583858_1873585852926541_1953226473384968192_n

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“4,5 немесе 5 октава дауыспен күнде қазақтың азаматы туа бермейді. Ол – біздің қазағымыздың маңдайына біткен беделді, дарынды азаматы. Әрбір жетістігін естіген сайын қуанып отырамын”, – дейді Дастан Оразбеков.

Қытайдың “Мен әншімін” жобасында қос кубогты қанжығасына байлаған Құдайбергенов соңғы айналымда үшінші орынды еншіледі. Өткен жылдың күзінде іріктеуі басталған “I am singer” додасында бақ сынауға ниетті үміткерлердің санында шек жоқ. Алайда аталған конкурста өнер көрсеткісі келетін вокалистердің халықаралық дәрежедегі марапаты болуы тиіс. Бұл байқаудың ең кенжесі – 22 жастағы Димаш екен.

“Ең үлкені – Канададан келген Тересса. Бірақ өзі Қытайдың тумасы. Жасы 66-да. Димаштың мықты қарсыласы деп мен сол кісіні айта аламын. Мысалы, Lion тобы Гонконгте өте танымал. Олар халықаралық жарыста ең таза дауыспен орындайтын мықты топ ретінде белгілі”, – дейді әншінің менеджері.

Ал “Ринго” тобының әншісі Аян Бірбаев отандасымыздың стратегиясын ерекше бағалады. “Димашқа бірінші күннен бастап бүкіл өнерін көрсетпегеніне риза боламын. Бірінші күні ол өзінің кішкене ғана бөлігін көрсетті. Мұны дұрыс стратегия деп ойлаймын. 14 тур бойы таңғалдырып тұруы керек”, – дейді ол.

Осы орайда, Мөлдір Әуелбекова бір кездері Димашты мойындамаған азаматтардың болғанын тілге тиек етті. “Димашты кезінде мойындағысы келмеген адамдар болды. Алла ұлық қой. Димаш өз өнерін дәлелдеді. Сабырлықпен үндемей жүріп, барлығын өз орнына қойды”, – дейді Мөлдір Әуелбекова.

Отандасымыз қатысып жатқан байқаудың төртінші айналымы осы сенбіде, яғни ақпанның 11-і күні өтеді.


Жіберіп алмаңыз:

Қытай қыздары Димашты сыйлықтардың астында қалдырды

Баян Мақсатқызы: Біз екеуміз екі отбасынан бөлініп қосылмақпыз

Үшінші орын алған Димаш Құдайбергенов жалпы есепте бірінші орында келеді

Мақпал Жүнісованың қар күреген видеосы желіде “хитке” айналды (видео)

Талқылау