Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Модельдерді шетелдік бордельдерге жіберген сән агенттігінің директоры жауапқа тартылды

Бүгін 21 жастағы модельдік агенттік директоры жауапқа тартылды. Жиын жабық есік жағдайында өтті. Алматыдан келген айыпталушының қорғаушысы, сот процесіне журналистерді қатыстырмауды өтініш еткен.

2691_2

Сурет earth-chronicles.ru

Айыпталушы, өзінің бұл іске қатысы барын мойындаған. Сол себепті сот қысқартылған режимде өтті. Сотталушының соңғы сөзі айтылмады әрі куәгерлер де шақыртылған жоқ.

Айыпталушы, зардап шегуші қыздарға материалдық және моральдық шығындарын өтеп берген. Сол себепті олар соттың процессуалдық келісіміне қарсылық білдірмеген. Директорға шартты түрде 6 жылдық жаза кесілді.

Еске сала кетейік, модельдік агенттіктің директоры қыздарды шетелге жіберумен айналысқан. Жас қарағандылық қыздар сән көрсетіп, фотосессияға түсетіндеріне сенімді болған. Ал олар шын мәнінде Бахрейн және Араб Әмірліктеріндегі бордельдерден бір-ақ шыққан. Қыздар өздерінің міндеттерін атқарғаннан кейін отанға оралған. Тек бір ғана зардап шегуші миллион теңге өтемақы берулерін талап еткен.

Талқылау