Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Модель жұртты таңғалдыру үшін өміріне қауіп төндіретін фототүсірілім жасады (фото, видео)

Ресейлік модель Виктория Одинцова көзтартарлық суреттер жасау үшін Дубайдағы көпқабатты ғимараттардың шатырына шығып алды. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ешқандай затты қолданған жоқ.

15624692_1816973421914593_3426577144141053952_n

Бұл туралы ресейлік басылымдар жарыса жазуда, деп хабарлайды Stan.kz.

Жерден жүздеген метр биіктікке шығып алған бойжеткен тек фотографтың қолынан ұсталынып ауада қалқып тұрған.

Түсірілім алаңында жасалған фото мен видеоларды Виктория өзінің желідегі парақшасына жүктеп қойды.

16123641_247027535742725_8223617810576703488_n

Фототүсірілімді танымал петербургтік фотограф Александр Маврин ұйымдастырған. Ал Викторияның өзі өміріне қауіп төндірген фототүсірілімге келіскеніне сене алапр емес.

«Осы нәрсені жасағаныма сене алар емеспін. Суреттер мен видеоларды көрген сайын алақаным терлеп кетеді», – дейді ол.

Кейбір желі қолданушылары суреттердің шынайылығына күмән келтіргендіктен, Виктория түсірілім алаңынан видео жариялады.

Пікір білдіргендердің басым бөлігі лүпіл үшін басын қатерге тіккен сәнбикені аямай сынап тастады. Кейбіреулер бойжеткеннің батылдығына қайран қалды.

Небәрі 6 минутқа созылатын бейнеролик бір аптаның ішінде бір миллион көрілім жинады. Бейнесюжетте фототүсірілімді жоспарлау сәтінен бастап ол аяқталғанға дейін сәт қамтылған.

23 жастағы Виктория Одинцова ресейлік модельдік агенттіктің ең танымал сәнбикесі.

 

Талқылау