Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Модель сән сахнасында жүріп бара жатып сәбиін емізді (видео)

АҚШ-тың Флорида штатында купальниктер үлгісі таныстырылған сән көрсетілімінде модель сән сахнасына 5 айлық сәбиін емізіп шықты.

Модель сән сахнасында жүріп бара жатып сәбиін емізді (видео)

Бұл туралы Metro бсылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мара Мартин Sports Illustrated журналының шоуына таңдап алынған 16 әйелдің бірі болды. Ол сән көрсетілімінде алтын түсті купальник киіп шықты. Алайда ол сән сахнасына шыққанда купальнигін бір иығынан шешіп, қызы Арияны емізді. Бұл кезде сәбидің құлағында көк түсті құлаққап болған. Осылайша анасы оны қатты дыбыстар мен әуеннен қорғағысы келіпті.

«Бұл менің бұрыннан бергі арманым болғанын таныстарымның бәрі біледі. Олар қызым екеуіміз туралы бәрі жазып жатқанына және сән сахнасында күнделікті әрекетімді жасағаныма сене алмайды», – дейді Мартин.

 

Айта кетсек, сән көрсетілімі 15 шілдеде өткен. Оны 8 жыл бұрын аяғынан айырылып, протез салған сноубордшы қыз ашты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау