Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Модель пластикалық ота жасатамын деп мұрнынан айырылып қалды

Британдық модель пластикалық ота жасатамын деп мұрнынан айырылып қалды. Бойжеткен бет-әлпетін бұзып берген операцияға 100 мың фунт стерлинг (шамамен 40 миллион теңге) жұмсағанын айтады.

Бұл туралы ағылшын басылымы The Sun-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Хлоя Хан (Chloe Khan) сәтсіз ота туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Модель соңғы кездері ринопластика жайлы көп сұрақ қойылғанын айтады. Дәл осы себепті ол мұрнын жұртқа көрсетуді жөн көріпті.

Ханның айтуынша, өткен жылдың қазан айында жасалған сәтсіз отадан кейін, оның мұрнында сүйек қалмаған. Мұрын кеңсірігін қалыпқа келтіру үшін бойжеткен құлақ шеміршегін ауыстыруға мәжбүр болған.

 

Бұл ретте Хан жұртты Instagram-дағы жарнамаға алданып қалмауға шақырды. Айтуынша, мұрнын бұзып берген хирургтың желіде миллиондаған оқырманы бар. Дәл осы себепті отаның сәтсіз шыққанына көпшілік сенбепті.

Модель ота жасатпас бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кесу керектігін айтты. Сондай-ақ, тек тексерілген дәрігерге жүгінуге кеңес берді.

 

Хлоя Хан Playboy журналына түскен, сондай-ақ, бірқатар тв-шоуларға қатысқан. Олардың ішінде «Х-фактор» мен Celebrity Big Brother бар.

Жіберіп алмаңыз:

Қашықтықта қарым-қатынас құрған жұп махаббаттарын ерекше әдіспен көрсетті (фото)

Тек әйедер демалатын арал ашылады

Ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал

Дәрігерлер үшемді ажыратып жіберіп 12 жыл бойы тәжірибе жүргізген

Талқылау