Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Модель өзіне ақша бермей қойған жігітінің Mercedes S400 көлігін суға батырды (фото)

Көлікті судан алып шығу үшін төрт сағат қажет болған.

Бұл туралы The Telegraph басылымы хабарлайды.

Ресейлік модель өзін тастап кеткен америкалық банкирдың Mercedes S400 көлігін суға батырып жіберді. Гай Джентиле мен оның қалыңдығы Кристина Кучма мейрамханда отырып қатты ұрысып қалған. Модель өзіне жаңа бизнес бастау үшін 50 мың доллар бермей қойған жігітіне ренжіген. Ашуға булыққан модель оның бетіне шай шашып, кейін мейрамханадан шығып кеткен. Артынша банкир модельден хат алады. Кристина оған мейрамхананың артында өзін ерекше тосын сыйдың күтіп тұрғанын айтқан.

Джентиле бастапқыда сүйіктісі осы көліктің ішінде болуы мүмкін деп қорыққан. Айтуынша, автокөлік үшін мүлдем алаңдамаған. Артынша ішінде қыздың жоқ екенін түсініп, полицияға арызданған.

“Мен оны, расымен де, сүйдім. Жуырда үйленіп, отбасын құруды армандап жүрген болатынмын. Бірақ, ол соңғы кезде тым шектен шығып кетті”, – дейді ол.

Көлікті судан шығару үшін төрт сағат уақыт қажет болған.


Жіберіп алмаңыз:

Смартфонның сынып кетуінің 5 себебі

Телефон қуаты жиі отырып қалмау үшін не істеу керек?

Желіде қазақ-қырғыз шекарасынан тараған видео бірнеше жыл бұрын түсірілген

Ғалымдар: Тәттілер қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін

Талқылау