Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Модель ағасы өзіне қол салғаннан кейін жынысын ауыстыруға бел буған (фото)

Отбасылық трагедия бойжеткеннің өмірге деген көзқарасын түбегейлі өзгертті. 26 жастағы америкалық қыз Барнаби Ройс ағасы өз-өзіне қол салғаннан кейін жынысын ауыстыруға бел буған. Жастайынан модельдікпен айналысқан Барнаби бүгінде ер адамға айналып, сүйіктісімен бірге тұрып жатыр.

Бұл туралы шетелдік Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Барнаби ұзақ уақыт бойы өз денесінде қолайсыз сезініп жүрген, алайда бұл жайлы ешкімге тіс жармапты.

“Жоғары сыныпқа көшпес бұрын сыныптастарымның мазағына жиі ұшырайтынмын. Нәзік қыз болмағандықтан, қатарластарым келеке қылатын. Әбден мезі болған күні өзімнің лесби екенімді жарияға жар салып хабарладым”, – дейді Барнаби.

Барнаби алғаш рет 24 жасында денесіне өзгеріс енгізген. Қолаң шашын қысқартқан ол артынша гормоналды терапиядан өткен. Бүгінде трансгендер ер сүйікті қызымен бірге Иллинойс штатында тұрып жатыр.

Барнабидің отбасы оның трансгендерге айналғанын қалыпты қабылдаған.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал актриса өзіне АҚШ-тың экс-президентінің жыныстық қысым көрсеткенін айтып шағымданды

Си Цзиньпин Қытай Компартиясының бас хатшысы болып қайта сайланды

72 мұсылман намазда тұрған қалпында көз жұмды

Қытайда стюардесса әуежайдан көтеріліп жатқан ұшақтан құлап кетті

Талқылау