Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Модель 62 жастағы миллионерге тұрмысқа шықпақ

Танымал молдовандық модель Ксения Дели египеттік миллионерге тұрмысқа шықпақ. Олардың жас айырмашылығы 36 жас.

Copyright by PerfettoME.RU

Сурет: perfettome.ru 

26 жастағы Ксения Дели 62 жастағы Египет миллионері Оссама Фатхи Рабаха Аль-Шарифке тұрмысқа шықпақшы. Миллионер «Амирал» логистикалық компаниясының иесі. Той 4 маусым күні грек аралы Санториниде өтпек. Салтанатты кешке 150 қонақ шақырылған.

Бай күйеужігі қалыңдығына қымбат гаухар мен жеке ұшақ,  қызыл Maserati сыйлаған. Алайда, Тойдан кейін қалыңдығы еркіндікпен қоштасып, оның ашық фототүсірілімдерге қатысуына тыйым салынады.

1091306

26 жасына дейін Дели мансабы мен жеке өмірінде үлкен жетістіктерге жетіп үлгерген. Ол Victoria ‘ s Secret пен Playboy журналына түскен. Сондай-ақ, бойжеткен Энрике Иглесиас пен Джастин Бибер сынды әлемдік атақты әншілердің бейнеклиптерінде рөл сомдаған. Тіпті, кейбір сөздерге сенсек Ксения Джастин Биберді ғашық етіп, екеуі бірнеше уақыт кездесіп жүргенге ұқсайды.

Сұлу бойжеткен Николай Басковты да өзіне баурап алған сыңайлы. Ол 2015 жылы әншінің «Зая, мен сені сүйем» атты бейнеклипіне түсіп, осыдан соң БАҚ өкілдері олардың бір-бірінде көңілі бар екенін сөз еткен.

Талқылау