Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мобильдік тәуелділіктен құтыламын деп тәуекелге барғандар бармағын тістей бастады

Жаңа жылдан іске қосылған жүйе әлі жетілдіруді қажет етеді екен

111111

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Атап айтқанда өзге операторларға өткен абоненттер хат алмасып, қаражатын толтырудан қағылған. Алайда Байланыс және ақпараттандыру комитетіндегілер бұл тұрғыда ешкімнен арыз болмағанын айтады.

Байланыс операторлары жаңа жүйенің уақыт өте келе жөнделетінін айтады. Яғни қанатқақты жобаға көптеген компаниялар техникалық тұрғыдан әзір болмай шыққан. Сондықтан бірлі-жарым кемшіліктерге кешіріммен қарауға шақырды.

Ұялы байланыс компаниясының өкілі Даниэль Карповичтің айтуынша, техникалық кемшіліктер болмаса алып бара жатқан ештеңе жоқ. «Біз бұл жобаны былтыр іске қосамыз деп ойлағанбыз. Бірақ бір жылға шегерілді. Сондықтан барлық жұмыстар ұзақ уақыт бойы тексерілді»,  -дейді ол.

Бүгінге дейін елімізде 3 мыңдай абонент басқа байланыс операторларына ауысып үлгеріпті. Бірақ әлгіндей жағдай бола тұра, Байланыс және ақпараттандыру комитетіне әлі ешкімнен арыз-шағым түспеген.

«Техникалық ақаулар қазіргі күнге дейін болған жоқ. Болған жағдайда абонент оператордың сервистік орталығына немесе телефон шалып хабарласуына болады», – дейді  Байланыс және ақпараттандыру комитетінің бас сарапшысы Жұлдызай Мұсағұлова.

Телефон нөмірін өзгертпестен өзге оператордың қызметіне қосылу 5-ші қаңтардан бастап жүзеге асырылып жатыр. Бұл қызмет тегін жүргізіледі. Тек телефоныңыздың нөмірі өз атыңызға тіркелсе болғаны. Сондай-ақ, әр абонент басқа байланыс операторын 60 күн толмай ауыстыра алмайтынын да айта кетейік.

 

 

Талқылау