Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

MMA торында кездескен 2 қазақ бір-бірін аяп төбелеспей қойды (видео)

Бұндай да болады екен, екі қазақ жекпе-жекте бірін-бірі аяп, төбелесе алмады.

photo_24563

Бұл туралы sport.jas.kz сайты хабарлайды.

Қытайда өткен ережесіз төбелесте екі қазақ – Қазақстаннан барған Айбек пен қытайлық қазақ Ғабит бір-бірін ұруға қолдары батпай, ақыры төрешілер қызыл қағазбен екеуін де алаңнан шығарып жіберді. Екі бауыр бір-біріне бір рет те жұдырық жұмсаған жоқ. Өтірік алысып, кезек жығылып, жұлқыласып жүріп алды.

Үзілісте Ғабиттың жаттықтырушылары «аямай ойна, жарыстың аты жарыс» деп жатқаны естіледі. Бірақ, екеуі сонда да бір-бірін ұрып-соққан жоқ. Иә, бұнысы жарыс ережесіне сай емес шығар, бірақ бір-біріне қандасым деп елжіреген батыр жүректері сүйсінуге тұрарлық!

Талқылау