Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миссисипи компаниялары гей-жұптарға қызмет көрсетпейтін құқыққа ие болды

АҚШ-тың Миссисипи штатының губернаторы Фил Брайант жекелеген кәсіпорындар мен діни топтарға гей-жұптарға қызмет көрсетуді шектейтін заңды қабылдады.

708x460

Сурет timeout.ru

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Штаттың шіркеуі де біржынысты неке иелерінің той рәсімін өткізуден бас тарту құқығына ие болды. Мұндай құқықты бірнеше кәсіпорын да алып отыр. Егер олар біржынысты некеге қызмет көрсету діни сенімдеріне сай келмейді деп шешсе, кез-келген сәтте бас тарта алады.

Бірақ, бұл заңның мемлекеттік қызметкерлерге қатысы шамалы. Мәселен, нотариус гей-жұптардың некесін заң тұрғысынан рәсімдеп беруден бас тарта алмайды. Заң құқық қорғаушылардың сынына ұшырап отыр.

АҚШ-та біржыныстылардың некелесуіне 2015 жылы арнайы заңмен рұқсат етілген.

Талқылау