Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Маңғыстау аруы -2016” сайысының жеңімпазы анықталды

Бұл жолы XIX конкурс Жантөрин атындағы театр сахнасында өтті. Қатысушылар “Мисс Маңғыстау-2016” атану үшін сайысқа түсті.

159

Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.

Аймақтық бәсекенің алтын тәжін логистикалық компанияда қызмет істейтін 25 жастағы Ләззат Ақшаева жеңіп алды. Жалпы, сайысқа 15-25 жас аралығындағы 13 қыз қатысты. Жарыстың басты ұйымдастырушысы Татьяна Коробейникованың сән мектебі.

Интернет мисс атағы Әсел Нұрқазиеваға бұйырса, көрермен көзайымы сыйлығын Әйгерім Бекбосынова иеленді. Ал бас жүлдегерге тәжді былтырғы Маңғыстау аруы Жұлдыз Дүзмағамбетова табыстады.

Жеңімпаз логист және аудармашы болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, фитнеспен де тұрақты айналысады.

“Бұл конкурсқа екінші жыл қатарынан қатысып отырмын. Менің есімімді атаған кезде қатты қуандым. Енді “Мисс Қазақстан” байқауына жақсылап дайындаламын. Маған қолдау көрсеткен анама шексіз алғыс айтамын”, – дейді Ләззат Ақшаева.

мсмс

Сұлуларды сұрыптаған қазылар алқасының құрамында “Маңғыстау медиа” ЖШС директоры Дархан Уәлиханов, «Актау City» дизайнерлік журналының фотографы Ксения Свободная, «MaryKay» компаниясының Батыс Қазақстан бойынша басқарушысы Наргиз Мирова және “Мисс Қазақстан-2015” жеңімпазы Әлия Мергенбаева болды.

Талқылау