Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана аруы – 2015” жеңімпазы басы бос екенін айтты

“Мисс Астана – 2015” атанған Камила Темірова жеңгенін естігенде қатты қобалжығанын  айтты.
Ол ел алдында сұлулығын көрсете бергеннен үй шаруасымен айналысқанды ұнатады екен, – деп хабарлайды STAN.KZ .

news1447397197

Камила Темірова «Лига джентльменов» шоуында Orda.fm-ге сұхбат беріп, өзі туралы біраз жайттарда ағынан жарылды.

Сұхбат барысында Астананың сұлуы өмірде модель болудан гөрі, тұрмысқа шығып, отбасы болуды маңызды деп білетінін алға тартты. Дегенмен ол Victoria’s Secret- тің моделі болудан бас тартпайды екен.

Ару суретке, селфиге түсуге, татуировкалар жасауға әуес емес. Уақыты болса, ас әзірлегенді ұнатады. Әдемі киіне біледі. Джинсы, жаздық көйлектер мен биік өкшелі аяқ киімдер киеді. Осылайша Астана аруы өзін қарапайым қазақтың қызы ретінде таныстырды. Әрі басы бос екенін де жасырған жоқ.

Қазіргі уақытта Камила Primavera модельдік агенттігінің өкілі. Ендігі кезекте Астана қаласында 10 желтоқсан күні өтетін “Қазақстан аруы – 2015” байқауына дайындық үстінде. Бойы: 177 см, дене өлшемі: 83-58-90. Бүгінде ару «Әлем бикиниі» аруы» титулының иесі.

Талқылау