Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Англия Аруы» әскерде көрген қорлығы жайлы айтты

Катрина Ходж «Ержүрек қуыршақ» аталып кеткеннен кейін, оған қорлайтын хаттар жазатын жандар қатары көбейген. Сонымен қатар, әскердегілер қызға асханада шабуыл жасаған. Англия Аруы-2009 байқауының жеңімпазы Катрина Хорж британ әскерінің қатарында болған кезде өз қызметтестерінен қудалау көрген.

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Ходж Ирактағы операцияға қатысқаны үшін марапат алғаннан кейін, бөлімдегілер оны жек көре бастаған. Әскерде бірге қызмет еткендер оған бұл марапатты тек “қыз болғаны” үшін берді деп есептейді.

«Олар маған сусынның бөтелкесін лақтырды. Мен өзімді әрең ұстадым. Олардың алдында көз жасымды көрсеткім келмеді. Бірақ бөлмеге барғанда жүрегім ауырып, қатты жыладым»,-дейді Катрина.

Сондай-ақ, басшылық қызды қызметтестері қорлап жүргенін біле тұра, оған көз жұмып қараған.

Айта кетейік, Англия аруы атанған бұл қыз 17 жасында әскерге барған. Қыз әскерге кірпік жалғап, биік өкшелі аяқ киім киіп, алқызыл шабаданымен келгенінде, оны әскердегілер «Ержүрек қуыршақ» деп атап кеткен.

Катрина 2009 жылы Англия Аруы байқауында жеңіске жетті. Бірақ бұл атағы оны Патша әскеріндегі мазақтан құтқара алмады. Катрина әлі күнге дейін әскердегі қызметтестерінен қорлық хаттар келетінін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Әйел қайтыс болған ұлының ұрығын пайдаланып, әже атанды

Төреші тоғыз футболшыны ойыннан аластатып, ойыншы жетіспегендіктен матчты тоқтатты

Биыл трансгендерлер алғаш рет қажылыққа бармақ

Қатігез бала күтушінің сәбиді аяусыз ұрып жатқаны бақылау камерасына түсіп қалған (видео)

Талқылау