Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Мисс Алматы-2018”: Оңтүстік астананың ең әдемі аруы анықталды

18 жастағы Камила Қожаханова “Мисс-Алматы 2018” титулын жеңіп алды. Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Ол Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетінде білім алады. Бимен айналысады.

Жеңімпазға тәжді “Мисс Алматы” байқауының былтырғы жеңімпазы Сабина Әзімбаева табыстады.

“Мен осы жылдың барлық қатысушыларымен мақтанып тұрмын. Осы жылдың жеңімпазы бір жыл көлемінде тәжді абыроймен киіп өтсін деймін”, — деді Сабина Әзімбекова.

Төрешілер бірінші вице-мисс ретінде Бану Сәттібекті таңдады. Анастасия Симонова мен Дидар Атмаджа да вице-мисс атанды.

Мыңнан аса үміткер Алматының ең үздік аруы деген лауазымды иелену үшін жарысқа қатысуға ниет білдірді. Олардың ішінен 25 бойжеткен іріктелді. Байқаудың финалына жеткен қыздар 8 қыркүйек күні өткен “Мисс-Алматы” шоуына екі айдан астам уақыт дайындалған. Олар байқау күніне дейін фототүсірілімдерге, спорттық, интеллектуалдық сайыстарға қатысты. Жартылай финалға 20 қыз өтті. Финал төрт кезеңді қамтыды.

 

Талқылау