Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мирас пен Құралайдың төртінші перзенті дүниеге келді

Өнерімен  елге өнеге көрсетіп жүрген жұлдызды жұптың отбасы тағы да бір перзентпен толықты. Өнерлі отбасының үшінші қызы Тұңғыш президент күні яғни 1 желтоқсанда дүниеге келген.

мирас Кура

Араға бірнеше жыл салып, ата-анасын күттіріп дүниеге келген қыз баланың есімін  Айсұлу деп қойыпты.Мирас Бекжанов отбасындағы қуанышымен желідегі парақшасында бөліскен.

«Сүйінші! Біздің үйде қуаныш! Құралайым бүгін төртінші сәбиді дүниеге әкелді. Төрт баланың ата-анасы болып жатырмыз»,-деп жазады отағасы.

Мирас пен Құралайдың өнердегі достары да  сәбиді анасымен перзентханадан шығарып алуға барған.

қуралай

«Мен сияқты бала күткен келіншектерге жұғысты болсын»,- деп жазады әнші  Жазира Байырбекова

Талқылау