Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мирас Бекжанов: Қасымда бар алып кел, дискіні қосып кел дейтін біреу жүрсе екен

Бүгінде өнер иелерін концерт, той тіпті сұхбатқа шақырсаңыз өзі жалғыз келмейді. Көмекшілерін ерте келеді. Бұл сонда «қазақы понт» ба?

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Менің сахнада жарқырап жүруіме көмекшім сепші. Оларсыз сахнада былай жүре алмайтын едім», – дейді әнші Қарақат Әбілдина.

Бұл Голливуд жұлдыздары. Олардың әрбір басқан қадамы аңдулы. Қайда барды, кіммен барды паппарация басып алады. Шетел жұлдыздары үшін мұндай жағдай заңдылық.

Атақты сәнгер Ким Кардашьянның көмекшілері жетерлік. Бірі шығырмашылығымен айналысса, екіншісі оның  қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Атақтылардың көбі артық қылық танытатын фанаттарынан сақтану үшін соңғысын таңдайды.

Бір ғана әнші Бритни Спирстің жиырмадан астам көмекшісі бар. Ал, поп әнші Бейонсенің сахнада жарқырап шығуын қадағалап отыратын отыз бірдей адам қызмет етеді екен.

Бізге шетел жұлдыздарына жету қайда. Бірақ, бүгінде отандық танымал жұлдыздардан бастап, жас әншілерге дейін көмекшісіз жұмыс жасамайды. Әнші танымал болған сайын оның қарамағындағы адамдар да көбейеді екен. Тіпті, көмекшіні малай қылып ұстағысы келетіндері бар сияқты.

«Қасымда біреу жүрсе екен көмектесіп. Бар алып кел, дискіні қосып кел дейтін. Жәй ұстап жүрген жоқсың ғой. Ақша төлейсің», – дейді Мирас Бекжанов.

Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай бір ғана адаммен жұмыс жасайды. Бірақ, жиі ауыстырады. Көмекшіні өзге әншілердің көшінен қалмас үшін жалдаған көрінеді. Той-томалақ пен думанды кештерге ертіп жүрмейтіндері сондықтан екен.

«Залда бүкіл халық отырғанда, сен залды өтіп бара жатасың сәлеметсізбе деп. Дискіні бересің. Оның өзі этика», – дейді Мирас Пен Құралай.

Жазира мен Жанболатта да көмекшілер саны күннен күнге көбеюде.

«Мақтану мақсатында. Бүгінде әлеуметтік желі әншілердің танымалдылығын одан сайын артыратын құралдардың біріне айналды.Мәселен, жас әншілердің инста парақшасын ашып қалсаңыз болды, жеке нөмірінен гөрі көмекшілерінің нөмерлері тізіліп тұрады. Сенбесеңіз, міне қараңыз», – дейді әнші Ләззат Байырбекова.

Танымал әнші Қайрат Нұртасқа телефон шалып сұхбат алу үшін алдымен екі бірдей көмекшісінен және анасы Гүлзирадан рұқсат алуың керек. Соңғы уақытта басы дауға қалған Төреғали Төреәліде де дәл сондай жағдай. Қуандық Рахым. Оның танымалдылығы Қайрат пен Төреғалидің өзін басып озып барады. Сондықтан болар, оның бірнеше жалдамалы адамына хабарласу қажет. Ал актер Тәуекел Мүслімде шығармашылығын қадағалайтын екі адамы бар.

Қазақ эстрадасында көмекшіге ең бай әнші ол – Қарақат Әбілдина. Бес бірдей көмекшісі барын өзі мойындайды.

«5 көмекшім бар. Екі көмекшім бала қарайды. Аптасына үш рет үй жинап тұрады. Балаларымды тасушы көлік жүргізуші бар», – дейді әнші Қарақат Әбілдина.

Оқи отырыңыз:

Аялаға 9 ай: Қарақат Әбілдина қызының меншікті мерекесін атап өтті (фото, видео)

Ән кешіне креативті шақырту жасаған Сәкен Майғазиев желіні шулатты (видео)

Саунада ән айтсын онда: Белгілі композитор той әншілерін сахнаға шығармауды ұсынды

Қайраттың құпиясы: Айдарбекова ұлын таныту үшін қандай амал-айлаға баратынын айтты

Талқылау