Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Минутына 132 мың сөз оқитын 15 жастағы қазақ қызы жайлы не білеміз?

Адина Манатбекова – ерекше дарын иесі. 15 жастағы қазақ қызы минутына 132 мың сөз оқи алады. Ол аз десеңіз, осы уақыт ішінде оқыған кітабының мазмұнын айтып бере алады.

Минутына 132 мың сөз оқитын 15 жастағы қазақ қызы жайлы не білеміз?

Адина Манатбекова “Еуразия” арнасының “Кешкі кездесу” бағдарламасына қатысты, деп жазады Stan.kz.

Адина 2016 жылы 94 мың сөзді 90 пайыз түсінумен оқып, рекорд жасаған.

“Мен Еуразиялық жылдам оқу орталығында білім алдым, интенсив курсын өттім. Жылдам оқудан аптасына 5 күн дайындалдым. Бұл менің бірінші жетістігім болды.

Бұдан кейін есте сақтау қабілетімді жақсартып, оқу жылдамдығымды одан әрі жақсартамын деп шештім. 2017 жылы 2-ші курсты оқып шықтым. Тамыз айында өз рекордымды жаңарттым. Оқу жылдамдығым – 132 мың сөзді 100 пайыз түсіну көрсеткішіне жетті”, – дейді қыз.

Қазіргі уақытта Адина білімін жетілдірумен айналысуда. Сондай-ақ, жылдам оқу курсын тастаған емес.
Адинаның жаттықтырушысы Инна Владимирқызының айтуынша, жылдам оқу әдісін кез келген адам меңгере алады. Ол үшін ынта мен көп еңбектену керек, – дейді ол.

“Адина келген кезде минутына 240 сөз оқи алатын. Оның ата-анасы, атасы мен апасы мұғалімдер. Анасының өзі оларды дайындайды. Отбасында үш бала бар. Ол тәрбиеге де, адамның да ықыластылығына да, ата-анасының балаға көңіл аударуына да байланысты”, – дейді Инна Владимирқызы.

15 жастағы талантты қыз болашақта дәрігер болғысы келеді.

Эфир барысында Адина 15 секунд ішінде өзіне ұсынылған кітаптың 25 бетін оқыды. Әрі кітапта не айтылғанын мазмұндап берді.

“Бұл кітаптан бақыттың кілті туралы оқыдым. Сіздің армандарыңыздың барлығы орындалуы мүмкін. Сол бақытқа жасалған бірінші қадам – осы кітапты сатып алуыңыз. Автор өз ойын жазған. Оның кітабын оқыған адамдардың өмірі жақсарғаны жайлы көп мысалдар барын айтып, кеңес береді”, – дейді Адина.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау