Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Минут сайын екі науқас ауруханаға түсіп жатыр": Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы мәлімдеме жасады

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қалада әр минут сайын екі науқас ауруханаға түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус 

"Қазір күнделікті 700 адам ауруханаға жатқызылып жатыр. Науқастар күндіз сағат 1-2, кешкі сағат 8-10 арасында көп түседі. Бұл уақытта сағатына 130 адам ауруханаға келеді. Демек, бір минутта екі науқас ауруханаға жатқызылады", – деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қалада 7 625 төсек-орын бар. Оның 67%-і науқастарға толы. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 190 адамның жағдайы ауыр. 385 науқас жансақтау бөлімінде.

"Соңғы үш аптада эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Оған "дельта" штаммы себеп болып отыр. Ол өте жұқпалы болғандықтан, жағдайы асқынып, көп адам ауруханаға жатуға мәжбүр. Жастардың ауруханаға түсуі жиіледі. 14 жасқа толмаған 200-ден астам бала инфекциялық ауруханада емделіп жатыр", – деді Табынбаев.

Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты қала дәрігерлері тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды.


Талқылау