Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мінсіз отбасы: Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі мен ата-енесін мақтап әлек (фото)

Жуырда ғана елге сәлем берген Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бүгінде нағыз желі жұлдызына айналған. Аз ғана уақыттың ішінде Жұлдыздың ресми парақшасына 300 мыңға жуық адам жазылған. Тіпті, 10 жылдап сахнада жүрген әншілердің өзі мұндай көрсеткішке оңай қол жеткізе алмайды, деп жазады Stan.kz.

Мәселен, миллион оқырманы бар парақшасын сатып, Instagram-ға қайта тіркелген Мақпал Исабекованың оқырмандар саны әлі күнге дейін 200 мыңға де жетпеген. Ал әншінің жаңа парақшасына жақында бір жыл толады.

Бүгінде фолловерлер Жұлдыз Әбдікәрімованың әр постын жіті бақылап, сан түрлі пікірлерін білдіреді. Көпшілігінің қоятыны бір сұрақ: “10 жыл бойы не істедіңіз, қайда болдыңыз, қиналған жоқсыз ба?”. Бұл сауалға Әбдікәрімова жақында ғана жауап берді. 

Қайраттың жары өзінің өткен өмірінің қиыншылыққа емес, қуанышты сәттерге толы болғанын көрсеткісі келетіндей. Себебі Жұлдыз соңғы кездері мұрағатта “шаң басып” жатып қалған суреттерін жариялауда. Ол әр постында отбасындағы күйеу мен әйелдің міндеті, ата-ананың орны туралы жазба қалдыруды әдетке айналдырды. Расында солай ма әлде жұлдызды келін мінсіз болып көрінгісі келе ме? Оны анықтау уақыттың еншісінде.

“Жақсы күйеу көп іс тындырады, бірақ оны айтып мақтанбайды, бағалауға лайықты әрекеттер жасайды, бірақ онысын мойындамайды. Себебі ол өзінің данагөйлігін мойындауды қаламайды!” Бұл Жұлдыздың күйеуі Қайрат туралы бөліскен жазбасы.

Ал келесі постында Айдарбековтер әулетінің үлкен келіні ата-енесіне деген құрметін жеткізген.

“Ата-ана – отбасының іргетасы, бастапқы дәнекер! Санамыз бен тәрбиемізге – адамгершілік, мейірімділік, әдептілік, ар-ұят, ақыл-ой, салт-дәстүр сіңіруші жандар. Өнегелі отбасынан- ибалы келін, текті ұрпақ, берекелі шаңырақ шығады! Біз ата-ана қадірін ерекше құрметтеп бағалаймыз!” – деп жазады Әбдікәрімова.

Қайраттың жары парақшасын екі тілде жүргізеді. Алайда, оқырмандар әсіресе орыс тілінде жиі жазатын Жұлдызды түсіне алмай дал. Әбдікәрімова бұл үшін жұрттан талай сөз естіп үлгерді.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева: Күйеуге шығатын жігітті жасанды пәктікпен алдай салған дұрыс

Мөлдір Әуелбекова: Қазақ эстрадасында тойға шықпайтын әнші жоқ

Интернатта өскен Мақпал Жүнісова онда көрген қорлығын ұмыта алмай жүр

Қайрат Нұртас өзін “тексіз” деп айыптаған жігітті орнына қойды

Талқылау