Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мінсіз күйеу дегенді күйеулерін қорқыту үшін әйелдер ойлап тапқан: Назарбаевтың жыл бойы айтқан әзілдері

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев аудиторияны өткір әзіл немесе анекдот айтып сергітуді ұнатады. Елбасының жыл бойы айтқан қандай әзілдері мемге айналғанын еске алуды жөн көрдік. Анекдот арқылы кез-келген тақырыпты зілсіз қозғауға болады. Ал мемлекет басшысы мұндай «жолдауды» жиі жариялап тұрады.

«Шенеуніктердің баласы»

Наурыз айында өткен журналситермен кездесуде елбасы Астанаға келген шенеуніктердің қалай жүріс жүре бастайтыны туралы анекдот айтып берді.

«Шенеуніктерге тағы бір үй салып бердік. Бірінші жыл, екінші жыл. Сенбі болған сайын – ұшақ, барлығы Алматыға кетеді. Содан 8 наурыз келіп қалды. Мен содан оларға – осыдан Алматыға біреулерің кететін болсаңдар, қайтып келмеңдер. Әйелдеріңмен осында келіңдер. Әйелдеріңді сонда (Алматыда – автор.) тастап, өздерің мұнда келдіңдер» дедім», – деп әңгімеледі Президент. Осы жерде Мемлекет басшысы бұл жайлы көп анекдоттың бар екенін айтып өтті.

«Өсіп қалған балалар үйлене бастағанда әкесімен кеңесе бастайды ғой. »Мен осындай қызға үйленгім келеді». Содан әкесі «Ол кім? Ата-анасы кім?», – деп сұрайды. »Анасы көлік министрлігінде жұмыс істейді», – деп жауап береді ұлы. »Болмайды, ұлым», – дейді әкесі. »Неге?», – деп сұрайды ұлы. »Ол сенің әпкең», – дейді әкесі. Осылайша, ұлы бірнеше рет үйлене алмай қалған екен. Содан ол анасымен ақылдасады. Анасы болса ұлына: »Үйлене бер, сен де оның баласы емессің» депті», – деп әзіл айтып берді Назарбаев.

«Екі аяқ арасындағы диспропорция»

Астанада өткен Қазақстан халықтар ассамблеясының XXV сессиясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысушылар мен қонақтарға анекдот айтып, күлдірді.

«Орынсыз болса да, ескі анекдот есіме түсіп отыр: бұрын ұжымшарға аудан мен обылстан лекторлар келіп, дәріс оқитын. Жұмыстан кейін шаршаған ұжымшар мүшелері жиналады. Дәріс оқып жатқан лектор ауыл мен қала, өндіріс пен өнімділік арасында диспропорция барын айтады. Жиында қойшы Федор ағай отырған. Ол өзінен білімдірек есепшіден: «Диспропорция деген не? Қарапайым тілмен түсіндірші», – деп сұрайды. Осы уақытта қолына су құйылған ыдыс ұстаған совхоз директорының хатшысы ақсаңдап кетіп бара жатады. Оның бір аяғы екіншісінен қысқарақ еді. «Федор ағай, қалай түсінікті тілмен түсіндірсем екен. Біздің Маняның оң және сол аяғының арасында диспропорция бар», – депті есепші. «Біз мұны өмір бойы басқаша атап келіппіз ғой», – дейді осы кезде Федор ағай»,- деп күлдірді Елбасы.

Мемлекет басшысы өз сөзінде «аудиторияны сергіту» үшін әзілдегенін айтты.

 «Мінсіз күйеу»

Қыркүйек айында өткен баспасөз конференциясында Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Корея сияқты елдердің ядролық қару туралы мәлімдемелері өзгелерді қорқыту екенін түсіндірді

«Мінсіз күйеу дегенді күйеулерін қорқыту үшін әйелдер ойлап тапқан. Сол сияқты, олар да айналаны қорқытып ұстау үшін, өздерінде ядролық қару бар екенін айтады», – деп әзілдеді мемлекет басшысы.

Бұдан кейін Елбасы «мұндай ойындардың қауіпті екенін» атап өтті.

Мемлекет басшысының сөзінше, Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартуы үшін халықаралық қауымдастық бар күш-жігерді салу керек.

Оқи отырыңыз:

Желіде Назарбаевтың құйқылжыта домбыра шерткен видеосы пайда болды (видео)

Елдің дамуына елеулі үлес қосқан 100 жаңа есімнің кім екені белгілі болды

Өмірлік жарыңды қалай таңдау керек: Қазақстан Президентінен кеңес

Талқылау