Министрлік: Колледж студенттері үшін оқу да, тамақ та, шәкіртақы да тегін болады

Дүйсенбі, 24 Қазан , 2016 17:28

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, бүгінде тегін кәсіптік-техникалық білім берудің жаңа механизмі әзірленді.

IMG_6449

Соның аясында жастарды жұмысшы мамандықтармен барынша қамтып, әрбір студентке шәкіртақы, тіпті тегін тамақ беру жүйесін енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда республика бойынша орналасқан 807 колледжде 498 мың адам білім алуда. Солардың ішінде 97 мың адам жұмысшы мамандықтарында оқиды. Бұл – барлық студенттердің тек 20 пайызы ғана. Олар тегін білім алып жатыр. Ал қалған 80 пайызы орта буын мамандықтарын игеріп жүр. Енді, аталған арасалмақты өзгертіп, жұмысшы мамандықтарға басымдық беру көзделіп отыр. Оған түскен жастар орта буын мамандықтарын да тегін тәмамдай алады. Сөйтіп, екі бірдей мамандықты алып шығуға мүмкіндік бар.

«Гранттар алдымен жұмысшы мамандықтарына бөлінеді. Қалғаны басқа мамандықтар арасында таратылады. Мәселен, болашақта жаңа жүйемен160 мың адам қамтылса, 40 мың адам жұмысшы мамандықтарына қабылданады. Осы механимзге сәйкес, техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы мамандықтарының барлығы тегін болады. Мәселен, бұрын аспаз болғысы келетін бала алдымен осы мамандықты аяқтап, содан кейін технолог болатын. Ендігі кезекте, технолог болу үшін ол екі бірдей мамандықты алады. Алдымен төменгі сатыдан бастайды да, орта буын мамандықпен бірге бітіріп шығады», – деді Э. Сұханбердиева бүгін депутаттарға жаңа жобаны таныстыру рәсімі кезінде.

Оның айтуынша, министрліктің негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтары бойынша маман даярлауды екі есеге арттыру. «Ол үшін ыстық тамақ, шәкіртақы, жол жүру ақысы, жатақхана түрінде әлеуметтік қолдауды қарастыру қажет. Біз жұмысшы мамандықтар білім алатын 90 мыңдай студентті ыстық тамақпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде осы мәселе Үкіметте қаралып жатыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс бойынша үздік оқитын студенттер стипендия алатын болса, жаңа жобаға сәйкес, барлық жұмысшы мамандықтар бойынша оқитындар стипендиямен қамтамасыз етіледі», – дейді вице-министр. Аталған шаралармен жұмыссыз жүрген жастар, сондай-ақ оқудан шығып кеткендер де қамтылады.

Бұдан бөлек, колледждерде оқитын жастарды жатақханамен қамту көрсеткіші төмен болып тұр. Қазіргі сұраныс 13 мың орынды құрап отыр. Барлық студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін 200 орынды 69 жатақхана салу қажет. Аталған мәселеге жергілікті билік оргындарына тапсырылып отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев

Пікір қалдыру


адаи
1 ай 8 күні кері

Актау каласындагы полит коледждин студенттеринен практиканы жабуга деп акша жинап жатыр. Бул студенттердин практикага баратын жери болмагасын ешкаида бармаи 20 кундеи демалды. Тусинбеитиним неге колледж басшылары не себептен акша жинаиын деп жатр.

Анонимно
1 ай 8 күні кері

Адаи

Анонимно
1 ай 9 күні кері

актау қаласындагы коледждерде
тегін оқытыларма екен.баламызга 160 мың жылына толеп отырмыз

Анонимно
1 ай 8 күні кері

Орта буын .

Анонимно
1 ай 8 күні кері

бар,аткс энергетик политех колледждери

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар