Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Министрлер құрамы қатты өзгереді: Құдайбергенов үкіметтің отставкаға кетуі туралы

Экономист Олжас Құдайбергенов мемлекет басшысының үкіметті отставкаға жіберу туралы мәлімдемесіне талдау жасап, өз пікірін білдірді, деп жазады Stan.kz.

Олжас Құдайбергенов

Олжас Құдайбергенов Facebook желісінде жазған пікірінде премьер-министрдің міндетін атқарушы болған Асқар Маминнің осы қызметте қалуы мүмкін екенін айтты.

«Кей саясаткерлер болжағандай, үкімет отставкаға кетті. Премьер-министрдің міндетін атқарушы болып Асқар Мамин тағайындалғанына қарағанда, ол премьер-министр атанады», – дейді экономист.
Құдайбергенов жаңа үкіметтің алдына негізгі 4 міндет қойылады деген ойда. Олар:

– бұл «сапалы экономикалық өсумен қамтамасыз ету»;

– бұл бүгінде бюрократия және мемлекеттік органдарға деген сенімсіздік жоғары болып тұрғандықтан, оған қос ішкі және сыртқы қатер артып келе жатқандықтан, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін күрт арттыру;

– бұл әлеуметтік жүйенің барлық компонентін қайта қарастыру және азаматтарды, ең бірінші кезекте көпбалалары аналарды әлеуметтік қолдауды жақсарту;

– бұл «өңірлерді дамыту саясатының өзгертілуі» (президент өңірлерде көп жұмыс орны құрылғанын талап етеді).

«Байқалғандай, Маминнің алдында күрделі міндеттер тұр. Оның дегеніне жетуі үшін табандылығы мен саяси салмағы жеткілікті екеніне күмәнданатындар аз деп ойлаймын. Оның мемлекеттік міндеттерді жүзеге асырудың жаңа мәдениетін жасап, жылдам жеңістердің соңынан қумай, 2-3 жылға жоспарлар құрып, жоспарлы түрде нақты нәтижелерге қол жеткізгенін қалар едім. Мысалы, сол әлеуметтік және тұрғын үй реформасы 2 жылды қажет етеді. Мұнда жеңіске жылдам жетудің қажеті жоқ», – дейді ол.

Сонымен қатар сарапшы Маминнің премьер-министрдің қызметінде барынша ашық болуы керектігін атап өтті.

«Мамин типажы бойынша Шойгуға ұқсайды (Сергей Шойгу – Ресейдің қорғаныс министрі – ред.). Ол пиарға әуес емес, ісінің нақты нәтижесі көп, көп сөйлемейді және қажет емес жерде де бәріне ұнау үшін үнемі мәміле іздейтін «саясат» моделін ұстанбайды. Мен онымен бірнеше рет кездестім. Түрлі идея ұсындым. Ол жасай алмайтын немесе дұрыс емес жерлерде «жоқ, жасауға келмейд» деп кесіп айтатын. Ал қолынан келсе, мен онымен онша таныс болмасам да, бірден қоңырау шалып, тапсырма беретін. Айтпақшы, Мамин де Шойгу сияқты хоккейді ұнатады. Мұнда пиарға орын жоқ, тек мінездің күші бар», – дейді экономист.

Сондай-ақ, Құдайбергенов келесі үкімет бірқатар реформа жасайды деп үміттенетінін айтты. Жыл ішінде министрлер құрамы қатты өзгереді деп ойлаймын, деп түйіндеді ол.

Айта кетсек, кеше елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім шығарып, бұйрыққа қол қойды. Президенттің Қазақстан үкіметі алдына қойылған міндеттерді атқара алмайтыны туралы мәлімдемесі Ақорданың баспасөз қызметіне жарияланды. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, министрлер мен әкімдер халықпен жұмыс істеп, адамдардың проблемаларын тыңдап, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен саясатты түсіндіре алмайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр