Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр журналистерді тұтқындауға қатысты пікір білдірді

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев полицияның БАҚ өкілдерін тұтқындап алып кеткен жағдайды реттейтіндігін айтты.

1455700689_a

Сурет atameken.info

“Құрметті достар, журналистерді тұтқындап алып кеткен жағдайға орай, мәселені шешу жолдары қарастырылуда. Құқық қорғаушы органдар тарапынан біздің аргументтер түсініктілікке ие болды”, – деп жазды Абаев өзінің Фейсбуктағы парақшасында.

Ертеректе, Астанада “Бәйтерек” монументі жанында журналистерді полицияның ұстап әкеткені туралы хабарланған еді. Абаев араласқаннан кейін оларды босатқан.

Алматыда бірнеше жүздеген адам Республика алаңына шығуға талпынған. Қазіргі таңда ондаған адам тұтқындалған. Жерді шетелдіктерге жалға беру және сату мәселесіне қатысты дау туындап, 21 мамыр күні митингке шығуы туралы ақпарат тараған еді. Алайға құқық қорғау органдары заңсыз шеруге шыққандар жауапкершілікке тартылатынын ескерткен.

Бұған орай, премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев төрелік ететін арнайы комиссия құрылып, аталмыш комиссия бүгін екінші отырысын өткізуде.

Талқылау