Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр жоғалған телефондарды іздеу кезіндегі кедергілерді айтып берді

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қазақстанда ұялы телефондардың ұрлығын тыю осы күнге дейін неліктен мүмкін болмай келгендігін айтып берді.

телефон

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«Елімізде жасалатын барлық қылмыстардың 60-63 пайызы – ұрлық. Ұрлықтың 25-27 пайызы ұялы телефондарға қатысты болып отыр.  Біз үшін ұялы телефондардың ұрлығы өте үлкен мәселеге айналды. Көптеген елдерде егер телефон ұрланатын болса, бұғаттап тастайды. Демек, оны ұрлаудың өзі қисынсыз. Сондықтан АҚШ-та ұялы телефон ұрлығы мүлдем жоқ десе де болады. Телефон тауып алса, бірден қайтарып береді.

Неге біз де солай істей алмаймыз?! Себебі біздің елге контрафактілік телефондар өте көп еніп кетті. Сол себепті егер ұялы телефон ұрланған кезде, полицейлер оның IMEI-коды арқылы бұғаттаса, бірден 50-100 контрафактілік жолмен келген телефон бұғатталып қалады», – деп атап өтті Қ.Қасымов.

Министрдің айтуынша, ол үшін Қазақстан ұялы телефондар нарығын ретке келтіруі тиіс.

«Ұрлықпен тиімді күресу үшін, ұялы телефондардың заңсыз елге келуін доғару қажет. Ұялы операторлар оларға қызмет көрсетуден бас тартсын. АҚШ-тағы сияқты ұялы телефондардың барлығы жеке тұлғаға тіркелуі тиіс. Контрафактілік телефондарды анықтау үшін біз әр телефонға төрт саннан тұратын ЖСН береміз. Біздің арнайы қызмет ұялы телефондарды жеке тұлғаға тіркеуге болатындай етіп жасай алады», – деді ол.

Оның айтуынша, тек тіркелген телефонды ғана қашықтықтан бұғаттауға болады. Қазіргі уақытта Алматыда 200 мың ұрланған телефон бұғатталған. Министр ұялы телефондардың ұрлығын жыл соңына дейін шешуге уәде етті.

 

Талқылау