Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Қасымбек заманауи министр болуға уәде берді

ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желіден өз парақшасын ашып, барынша ашық болуға уәде берді.

JenisKasymbek

Фprofit.kz

Ол енді Фейсбуктағы парақшасын тұрақты жүргізіп отырмақ. Осылайша қазақстандықтардың сауалдарына тез әрі лайықты жауап беруге ниетті.

“Құрметті достар!Фейсбукта парақша ашу қызметіме байланысты. Қазіргі таңда әлеуметтік желілер қоғамда үлкен рөл ойнайды. Оның басты ерекшелігі интерактивтілік, кері байланыс, сондай-ақ азаматтардың да сауалын естуге мүмкіндік береді. Еліміздің инвестиция және даму министрлігі мемлекеттегі ең бір ашық мемлекеттік орган болып саналады. Біз әрі қарай ашық ақпараттық саясат жүргізуді жалғастырамыз. Жақсы серіктес бола аламыз деп үміттенемін. Құрметпен, Жеңіс Қасымбек”, – деп жазды.

Ол өз жазбасын қазақ және орыс тілдерінде жазған.

Жарияланғаннан соң бір сағат ішінде министрдің жазбасына 300-ден астам лайк басып, бірнеше қолданушы пікір қалдырған.

Талқылау