Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Сағадиев әліппені мектепке қайтадан алып келетінін жариялады

Сенат депутаттарымен кездескен ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 12 жылдық білім жүйесіне қатысты нақты мәліметті жариялап және әліппені мектеп бағдарламасына оралтатынын айтты.

1389434917303

Бұл туралы newtimes.kz хабарлайды.

“12 жылдыққа көшудегі мақсат – 5-6 жастағы балалар үшін 0-сыныпты енгізу. Зерттеу көрсеткендей бала қаншалықты ерте жастан білімге бейімделсе, соншалықты жетістікке жету көрсеткіші де артады. Сол себепті барлық дамыған елдер баланы оқытуды ерте бастайды. 0-сынып жүйесі 2019 жылдың 1 қыркүйегінен басталады. Бірақ, қазіргі таңдағы оқытушылар мен ата-аналардың өтінішіне орай біз оны ерте, яғни, 2017 жылы “сынақ” түрінде енгіземіз, ал әрі қарай байқап көреміз”, – деді Сағадиев.

Министр 0-сыныптың мектепте де, балабақшада да болатынын айтты. Оның сөзінше, барлық мектептердің аталмыш жүйеге дайын болмауы себепті балабақшада да аталмыш сыныпты қалдырған. Сағадиев 0-сынып оқушылары күніне 20-35 минуттан тұратын 3-4 сабақ өтетінін айтты.

“Сонымен қатар, 0-сыныпта әліппе де оқытылады. Қазір бәрі соны қайда кетті деп сұрап жатыр. 0-сыныптар үшін 5 жастан бастап әліппе міндетті түрде оқытылмақ”, – деді министр.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мектеп бағдарламасынан әліппенің алынып тасталуын қатаң сынаған еді.

Оқи отырыңыз:

Шымкенттік зейнеткер өз қалтасынан ел үшін 50 млрд теңге беретінін айтып Түймебаевты таңқалдырды (видео)

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев елшімен орыс тілінде сөйлесуден бас тартты

Қазақстан заңнамасына сексуалдық әлімжеттік туралы бап енгізілмек

18 жастағы жігіт «ВКонтакте» желісіне аудиожазба жүктегені үшін сотталуда

Талқылау