Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр 140 мың теңгенің қалай орташа жалақыға айналғанын түсіндірді

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздегі орташа жалақыға қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

188f80a6-b285-4f4c-bc41-9febc466b1ea

“Мен 120 мың теңге жалақы аламын, ал өңірлердегі азаматтар 30, 50 мың теңге алады. Ал елімізде орташа жалақы 140 мың теңге деп көрсетілген. Бұған не айтасыз?” – деген сұрақ қойылды министрге халық алдындағы кездесу барысында.

“Статистика заңдылықтары бойынша еліміздегі жалақы жиынтықтары қосыла есептеле келе, оның орташа құны шығарылады. Әрине, бізде теңсіздік бар. Біреу миллион теңге жалақы алса, енді біреу 100 мың теңге ғана алады”, – деді министр.

Министр есептеу жүйесін қайта жаңғыртып, жетілдіру керек деген оймен келісетінін айтты.

“Біз статистика комитетімен бұл мәселе бойынша жұмыс істейтін боламыз” деді Сүлейменов. Дегенмен ол қазіргі таңда елімізде қолданылып отырған статистика жасау әдістемесінің халықаралық талаптарға сай екенін де атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Болашақта базалық зейнетақы алынып тасталады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы қымбаттап кетті

Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемге ортақ криптовалюта енгізуді ұсынды

Казкоммерцбанкті сату туралы келісімге қол қойылды

Талқылау