Министр алдағы уақытта оқушылардың сабақты қай тілде өтетінін мәлімдеді

Дүйсенбі, 25 Сәуір , 2016 13:34

Мектептерде үш тілде білім беру жүйесін енгізудің негізгі мәні қазақ тілінде болып отыр. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай мәлім  етті.

b3b9821bd6e305c88f8972ddba2d19c9-big

«Қазіргі күні орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілі оқытылғанымен, оны бітіріп шыққан орыс, қазақ және басқа ұлт өкілдерінің ешқайсысы да қазақша сөйлеп кеткен жоқ. Бұны жасырудың қажеті де жоқ. Көбісі қазақ тілінде сөйлемек түгілі оны түсінбейді де.  Сондықтан да, біз міндетті бағдарламалардың жоспарында Қазақстан тарихы мен әдебиеті қазақ тілінде өтетін болады. Бұл Қазақстанның барлық мектептерінде де осылай жүреді», – деді Ерлан Сағадиев.

Осыған дейін хабарлағандай, министр елімізде үш тілді білім беруге көшуде еш кедергі болмауы керек деп санайды. «Біз 2019 жылға дейін жоғары сыныптарды осы жүйеге көшіретін боламыз. Бір айта кететіні, мектепте жоғары сыныптарға техникалық мамандықтар пәнін ағылшын тілінде өткізе отырып, оқушының әлемдік оқудағы үдерістерге ықпалдасуына жағдай жасаймыз. Бұндай ықпалдасу оқушы үшін міндетті. Осылайша, ол жоғары оқу орындарында да ағылшын тілінде оқытылатын техникалық пәндерге бейімделе бастайды», – деген болатын министр Ерлан Сағадиев.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар