Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр мешітке аяқ киіммен кіргенін мойындамай қойды

“Мешітте аяқ киімін шешпей жүр” деп сынға қалған Дін істері және азаматтық қоғам министрі тағылған айыптардың бәрі жалған деп отыр.

15a7237cdd497c09248677d9bdc5be65

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Нұрлан Ермекбаев сол себепті мұндай ақпараттарды құлағыма ілмеймін дейді.

“Ол – жалған ақпарат! Мен оған ешқандай да түсініктеме бергім де келмейді. Жалған сөздерге түсініктеме бермеймін мен. Мен ондай суреттерді көрген жоқпын. Ондай мақаланы немесе комментарийді оқыған да жоқпын. Оған уақытым жоқ”, – деді министр Ермекбаев.

Осылайша министр қандай аяқ киім кигенін нақтылағысы келмеді. Дау – осы суреттен басталған-ды.

17884188_1836418649941843_5572131672104709528_n

Бір қарағанда Мүфти бастаған діни қызметкерлермен бірге жүрген сәт бейнеленген сияқты. Алайда, желі қолданушылары министрдің аяқ киімін шешпегенін айтып, жарыса жазып жатты. Біреулері, қасындағы кісілердікіндей арнайы мешіт ішінде киетін кебіс деп араша түспек болды. Шенеунікті сынаушылар болса, ондай кебістердің артқы жағы жоқ болғандықтан, аяғы көтерілгенде табаны салбырап тұруы керек еді деген уәждерін алға тартты.

Оқи отырыңыз:

Instagram желісінде «Елбасының бір күні» көрсетілді (видео)

Депутат: Тест сұрақтарында шоу-бизнес өкілі емес, халық қаһармандарының есімі тұруы керек

Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды

Депутат: Қазақстан азаматтығын сұраушылар тарих пен қазақ тілден емтихан тапсыруы тиіс

Талқылау