Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр медициналық сақтандыруды сынап тастаған қоғам белсендісін “жекпе-жекке” шақырды

Еліміздегі телеарналардың бірінде жақын уақытта денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен қоғам белсендісі Рахым Ошақбаев арасында ашық теледебат өтуі мүмкін.

8585

Ошақбаев Фейсбук желісінде тұрақты жарна төлеп отыру жүйесін сынға алғаннан кейін, министр оны дебатқа шақырған. Ошақбаев жарна төлеуді алып тастап, реформаны жетілдіре түсу керек дейді. Оның ойынша, халықтың қалтасына қиын тимек. Ол сондай-ақ, экономикалық белсенді емес – үй шаруашылығындағы әйелдер, таксистер, тағы да басқа азаматтардың 2018 жылдан бастап жарна төлеп тұратынына алаңдаушылық білдіреді.

Өз кезегінде Ошақбаев айтқан фактілермен келіспеген министр Біртанов бұл мәселені ашық алаңқайда тікелей эфирде талқылауға ұсыныс тастайды.

“Құрметті Рахым, сіздің медициналық сақтандыруға қатысты жазған соңғы жазбаңызды қызығушылықпен оқып шықтым. Сізді түсінемін, бірақ ел келісе алмаймын. Одан да барлық көтерілген сұрақтарды БАҚ ұсынған ашық алаңқайда тікелей эфирде талқылайық. Пікірталасты ұйымдастыру үшін телеарналардан ұсыныс күтемін. Эфир уақытын 2017 жылдың 12 шілдесіне белгілегім келеді”, – деп жазады министр.

Бұған Ошақбаев те іле-шала жауап қайтарған.

“Құрметті Елжан Амантайұлы, сіздің шақыруыңызды қуана қабыл аламын. Өкінішке қарай, 12 шілдеде еңбек демалысына аттанамын, сол себепті 17 шілдеден бастап бос екенімді айтқым келеді. Сонымен қатар, алдымен бір ай бұрын Хабар арнасының эфирінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Елена Бахмутова, сіздің вице-министріңіз Алексей Цойдың қатысуымен болған біздің эфирдің толық нұсқасын жариялауды сұраймын. Бұл ток-шоуды Мая Бекбаева өте кәсіби түрде жүргізіп, ол 15 маусым күні эфирге шыққан болатын. Алайда ол бағдарламаны тым қатты өңдеп, сіздің қызметкерлеріңізбен жасаған қып-қызыл даудың біразын кесіп тастапты.

Аталмыш бағдарламаның толық жазбасын алып беруге мүмкін министр Дәурен Абаев қол ұшын беретін шығар? Сіздің және телеарна басшылығының келісімінсіз мұны істеу мүмкін емес. Егер денсаулық сақтау министрі шынында да “ашық айқасқа” дайын болса онда бағдарламаның толық нұсқасын ел-жұртқа неге жария етпеске” – деп жазады Ошақбаев.

Талқылау