Министр Қытайда қысым көрген қазақтардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

Дүйсенбі, 23 Қазан , 2017 14:33

Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайда қиындыққа тап болған қазақтардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik.

23 маусымда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Германиядан келген қазақ елбасыға Қытай үкіметінің ондағы қазақтарға қысым көрсетіп, қандастарымыздың құқықтарын таптап жатқанын жеткізген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жағдайдан хабарсыз екенін айтып, Сыртқы істер министрлігіне мәселенің анық-қанығын анықтауды тапсырған еді.

“Жуырда өткен қазақтардың құрылтайында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы істер министрлігіне, басқа тиісті ведомстволарға мәселеле көтерілсе, оны егжей-тегжей екі жақты қарастыру жөнінде нақты тапсырма берді. Осы тапсырманы орындау барысында бізге ресми түрде мәлімет түссе, міндетті түрде Қытай тарапымен, олардың сыртқы істер министрлігі, басқа да мекемелердегі әріптестерімізбен мәселені көтереміз. Қазақ диаспорасының шетелдегі мүдделері мен құқықтарын қорғау — бұл біздің тікелей міндетіміз”, — деді бүгін сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Ол Қытаймен ресми үкіметаралық деңгейде қарқынды диалог орнағанын атап өтті. Айтуынша, екі жақты келіссөздер барысында барлық мәселелер талқыланады.

“Құрылтай қорытындысы бойынша Қытайдағы қазақтар, оның ішінде ұйғыр автономдық өңірінде Синьцзяньда ресми құжаттар алу, шекараны кесіп өту үшін төлқұжат алу бойынша қиындықтар көріп отырғанын анықтадық. Қытайда мемлекеттік қызметтегі қазақтар төлқұжат ала алмай қиналып жүр. Осы мәселелердің бәрін егжей-тегжей зерделеп, саралап, қытайлық әріптестерімізбен талқылап жатырмыз”, — деп мәлім етті министр.

Министр екі жақты келіссөздердің күн тәртібін толық аша алмайтынын айтты.

Тағы да оқыңыз:

Сағынтаев баспана кезегі үлкен өңірлерде үйлер аз салынып жатқанын айтты

Оралдық жігіт шымкенттік науқас қызға бір бүйрегін беріп, өмірін арашалап қалды

Биыл қандай жолдар ақылы болады?

Қырғызстан Қазақстанның 100 млн доллар көмегінен бас тартқанын ресми түрде жариялады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар