Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Министр қоластындағы Әбілқасымованың жаңа қызметі туралы: Бұл лауазымның төмендегені

Еліміздің ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өзінің орынбасары болып тағайындалған Мәдина Әбілқасымованың жаңа қызметі туралы айтып берді.

Министр қоластындағы Әбілқасымованың жаңа қызметі туралы: Бұл лауазымның төмендегені

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Өз сөзінде Руслан Дәленов Әбілқасымованың бұрын да ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істегеніні атап өтті. Оның осы министрлікке қайта қызметке келуі – үкіметтің шешімі.

«Мәдина Әбілқасымова бұған дейін де ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеген, халықаралық блокпен айналысты. Қазір де сол жұмысын жалғастырады», - дейді министр.

Өз сөзінде ведомсвто басшысы қарамағындағы қызметкерлердің қызметіне қатысты түсініктеме бермейтінін, тек жұмысты орындауын талап ететінін атап өтті. Дегенмен Әбілқасымованың лауазымы төмендегенін ашық айтты.

«Жалақы арнайы кестемен реттеледі. Вице-министрдің жалақысы министрге қарағанда төмен. Бұл лауазымының төмендегені», - дейді ұлттық экономика министрі. 

Еске сала кетсек, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Мәдина Әбілқасымова күні кеше жаңа қызметке келді. Ол ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр