Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Хиджама медициналық қызметке жатпайды

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кейінгі кездері халық медицинасында қолданылып жүрген хиджама, яғни денеден қан алдыруға қатысты түсініктеме берді.

Үкіметтің баспасөз орталығында журналистер министрден денсаулық сақтау министрлігінің ағзадан қан алдыруға қатысты ұстанымы қандай екенін сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“Бұл қызмет медициналық қызмет түріне жатпайды, заң бойынша мемлекет тарапынан беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмейді. Министрлік бақылайтын медициналық қызметтер тізіміне кірмегендіктен, мұны медициналық қызмет деп санамаймыз. Бірақ егер қоғамдық денсаулықты бақылау комитетіне ақпарат келсе, заң бойынша тиісті шаралар қабылдаймыз”, — деді министр.

Айта кетсек, хиджама – емдік мақсатта қолданылатын, ағзадан қан алдырудың бір жолы. Оны дененің кез келген жеріне жасауға болады. Бірақ, көбіне хиджаманы желкеге, жауырынның ортасына жасайды. Бұл әдіс Ислам елдерінде қолданылады.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбенің бас дәрігері халықты хиджама жасамауға шақырды

Қостанайда бала күтушінің 14 жастағы мүгедек қызды ұрып-соғып келгені белгілі болды (видео)

Шенінің жоғарылағанын ащы сумен тойлаған полиция қызметкерлерінің әрекеті елді шошытты (видео)

Талқылау