Министр: Қазақстанда судың бағасын қымбаттатуымыз керек

Жұма, 24 Қараша , 2017 14:06

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек суға деген көзқарасты өзгерту керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің азаматтарын ауыз сумен қамтамсыз бойынша мемлекеттің мақсатты саясаты елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Сонымен қатар, шешімін күткен бірқатар мәселелер де бар. Біріншіден бұл қоғамның суды тұтынуына қатысты. Суға деген әлеуметтік қатынас тұтынушылық пен ауыз судың экономикалық құны арасындағы сәйкессіздікке әкелді. Бұл қоғамдық санада су құнының түсіп кетуіне себеп болды», – деді ол.

«Сумен жабдықтау секторының одан әрі дамуы негізінен нарықтық қатынастарға толықтай қол жеткізумен байланысты. Дамыған елдерде су шаруашылығын басқару жүйесі «пайдалан және төле» қағидаты бойынша қалыптасқан. Біз суға және оның құндылығына деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек», – деді Жеңіс Қасымбек.

ҚР парламенті мәжілісінде еліміздің елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтуде.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы қыз секс-притоннан табылды

Бас прокурордың кеңесшісі журналистің сауалына орыс тілінде жауап беруден бас тартты

Қазақстандықтар бұдан былай ғаламторда анонимді түрде пікір қалдыра алмайды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Жеңіс мырза Қазақстанда енді су қалдыма қымбаттамаған? Өзіңіз қымбат бағамен тұтына беріңіз.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар